22 Ақпан 2022 2022, 16:00
Сот экс-министрді екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуге болмайды.
Бұған дейін бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.