Сот Әблязовті 140 мың АҚШ долларын төлеуге міндеттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке қарсы қосымша санкциялар салу туралы шешім қабылдады.
Ол Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің (Талапкерлер) адвокаттардың қызметіне кеткен шығындарына байланысты 140 115,60 АҚШ долларын төлеуге міндеттеді.
2019 жылғы шілдеде сот талапкерлердің М. Әблязовке қатысты сот процесіне қатысудан және дәлелдемелерді ашудан бас тартқаны
үшін қосымша санкция салу туралы өтінішін қанағаттандырды.
Сондай-ақ, сот алдағы алқа билердің қатысуымен өтетін қорытынды сот процесінде М. Әблязовке өзін ақтау үшін жаңа дәлелдемерді ұсынуға рұқсат бермеу туралы ұсынысын білдірді.
Бұл санкция алқа билер сотына М. Әблязовпен оның кінәсін дәлелдейтін дәйектерді жасыру туралы нұсқаулық болып табылады. Сот талапкерлердің осы процесте мүдделерді білдірумен байланысты шығындар сомасы бойынша дәлелдерін назарға алып, 2020 жылдың 7 ақпанында М. Әблязовтен 140 115,60 АҚШ долларын өндіріп алу туралы шешім шығарды, - делінген хабарламада.Сот шешіміне сәйкес М. Әблязов 140 115,60 АҚШ долларын 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Алматыда 131 адам дәрігердің қатаң бақылауында
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы