Сот банктің заң нормаларын елеулі түрде бұзғанын анықтады

Петропавл қаласының 55 жастағы тұрғыны жеке сот орындаушысының әрекетсіздігі мен оның атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрудан бас тартуын заңсыз деп тануын сұрап, сотқа жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол іс жүзінде 1,5 млн теңге несие рәсімдемегенін, оның банк алдындағы қарызы алаяқтардың әрекетінен туындағанын, қазіргі уақытта несие шарты азаматтық сотта дауланып жатқанын көрсеткен.

Сот талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыра отырып, банктің «Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 34-бабының 15-тармағын өрескел бұзушылыққа жол бергенін көрсетті.

Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеушінің қаулысымен талап қоюшы жәбірленуші деп танылған.

Жәбірленуші банкке несиені белгісіз адамдардың алаяқтық жолымен тіркегеніне байланысты өндіріп алуды тоқтата тұру туралы арызданған.

Заңға сәйкес, құқық қорғау органдарының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсынысы не қарыз алушы – жеке тұлғаны жәбірленуші деп тану туралы қаулы, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды тоқтатады және мұндай клиенттің банктік қарызы бойынша жұмысты талап етеді немесе мұндай клиенттің банктік қарызы бойынша сыйақыны және (немесе) өсімпұлды есептеуді тоқтатады.

Осыған қарамастан, банк талап қоюшыға қатысты берешекті өндіріп алуды тоқтата тұрудан бас тартқан, бұл Заңның 34-бабының 15-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып табылады.

Сот жауапты банк қызметкерлеріне шара қолдану және алдағы уақытта банктер тарапынан мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жеке ұйғарым жіберді.

Жеке ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы