23 Қаңтар 2023, 11:56

Сот әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, Наиль Ахметзакиров осыған дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы қызметін атқарған.