Сотқа келетін қылмыстық істердің саны жыл санап азаюда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сотқа келетін қылмыстық істердің саны жыл санап азаюда. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер коллегиясының төрағасы Әбдірашид Жүкенов онлайн өткен дөңгелек үстел барысында айтты. 

Ақтайтын шешім шығаруды сот мақсат етпейді. Ақтап алу тек заңның бұзылуы мен өзге шараларға негіз болғанда ғана жүзеге асырылуы керек. 2017 жылы 37 адам, 2018 жылы 58, 2019 жылы 91  адам ақталды. Аппиляциялар бойынша да осындай көрсеткіштер тіркелген. 2017 жылы 32 адам, 2018 жылы 58, 2019 жылы 91 адам аппиляция бойынша тіркелді, - деді ол. 
Ол атағандай, соттар ақтап алуды ұлғайтқанын айтты.
Алайда көбі соттардың ақтап алу бойынша үлесі 15-20 пайыз болу керек екенін айтады. Ауыр қылмыстарға қатысты статистиканы алатын болсақ, мысалы, 2015 жылы 9 адам, 2019 жылы 89 адам ақталды, - деді ол. 
Ал ҚР Жоғарғы сот жанындағы халықаралық кеңестің мүшесі, Таллин қылмыстық коллегиясының судьясы Павел Гончаров шетелдік тәжірибемен бөлісті. 
Шешімдерді қайта қарауға  тек ерекше жағдайларда арыз беруге болады. Егер сотталғанның жасағаны қылмысқа жатпаса, қайта қаралады. Мұндай істер кездесті, бірақ өте аз болды. Атқарушы органдар, яғни прокуратура кейбір актілерді дұрыс толтырмауына қатысты олқылық кеткен жағдайлар кездесті, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы