Сот 322 шетелдікті елден шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
Елімізде 27 маусым мен 4 шілде аралығында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшылары шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс нысандарын, базарларды, ұйымдарды, сондай-ақ шет ел азаматтарына жұмыс берушілерді тексереді. 27-28 маусым аралығында жалпы 3762 құқық бұзу анықталды. Оның ішінде: 1239 – шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін, 207-і жұмыс берушілердің шетел азаматтарының еңбегін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін, 1509 – шетелдіктердің келуі туралы Ішкі істер органдарына уақтылы хабар бермегені үшін, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, сот шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылды.
646 адам мәжбүрлеп шығару үшін арнайы қабылдау орындарына қамалды, - деді ол.
Тұрлыбек бір апта ішінде 2941 қылмыс жасалғанын айтты.
Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 54 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол.