Соқыр ғана көрмейтін шығар. Арыстанов қаңтар оқиғасы кезіндегі полицияның жұмысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Брифинг барысында әріптесіміз қаңтар оқиғасы кезіндегі полицияның жұмысы туралы сұрақ қойды.
Қаңтар оқиғасы кезінде полицияның жұмысы туралы ІІМ өкілдері жауап берді. Полиция қызметкерлерінің қаңтар оқиғасы кезінде, соңғы жылдағы індет кезіндегі жұмысын халық көріп отыр. Полиция қалай жұмыс істеп жатқанын соқыр ғана көрмейтін шығар. Қылмыстың алдын алу, оған жол бермеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Полицияның қалай жұмыс істегеніне Мемлекет басшысы да жоғары баға берді. Қаңтар оқиғасы кезінде полиция өз орнында болып, жұмыс істеді, - деді ол.
Арыстанов атағандай, жаппай тәртіпсіздік кезінде патрульдік полиция үздіксіз жұмыс істеді.
Бұл бойынша бірқатар сауалға жауап бердік. Полиция ешқашан жұмысқа салғырт қараған емес. Оның жұмысын қоғам көріп отыр, - деді Атығай Арыстанов.