Сооронбай Жээнбеков президенттік басқару формасына дауыс беріп, асығыс шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауында және елдегі басқару нысанын анықтау жөніндегі референдумда дауыс берді, деп жазады 24.kg.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол бүгін Қырғызстандағы президенттік басқару формасына дауыс бергенін мойындады. Айта кету керек, мемлекет басшысы лауазымында болған кезде Сооронбай Жээнбеков елде парламентаризмді дамыту қажеттілігі туралы бірнеше рет мәлімдеген болатын. 

Сооронбай Жээнбеков БАҚ өкілдерінің басқа сұрақтарына жауап беруден бас тартып, ел астанасындағы №5 мектепте орналасқан сайлау учаскесінен асығыс кетіп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін ел президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров президенттікке үміткерлердің барлығын өзіне негізгі бәсекелес санайтынын айтқан еді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы