Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның үшінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ITF жасөспірімдер рейтингіндегі 22-орында тұрған Соня Жиенбаева 10 шілдеде Уимблдон турниріндегі ойынын жалғастырды.
Қазақстандық жас теннисші екінші айналымда WTA әйелдер арасындағы әлемдік рейтингіде 559-орында тұрған жапондық Эни Койкені (19 ITF Juniors) 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Соня үшінші айналымда Рината Ямричевамен ойнайды. Словакиялық теннисші жасөспірімдер арасындағы әлемнің екінші ракеткасы, Australian Open Juniors 2024 турнирінің жеңімпазы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Францияда Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы