Соңғы жылдары елімізге келетін туристер саны артты - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.  

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде жалпы ауданы 2,7 миллион гектарды құрайтын 14 ұлттық парк бар.

Соңғы жылдардағы статистика туристер санының өскенін көрсетеді. Мәселен, былтыр ұлттық парктерге келген туристердің саны шамамен 1,5 млн адамды құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда 40%-ға жоғары. Ұлттық парктер аумағында халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа маршруттар және соқпақтар салу арқылы экотуризм дамып келеді. Бұл ретте заманауи визит-орталықтар, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ-этноауылдар мен керуен-сарай салынуы көзделіп отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Осыған байланысты, барлық ұлттық табиғи парктер жүйесін дамыту бас жоспарлары бекітілген.

Кейбір парктер бойынша түзету жүргізіліп жатыр. Алматы тобының орналасуы мен танымалдығын ескере отырып, министрлік Іле Алатауы, «Көлсай көлдері», Шарын және «Алтын Емел» парктерінде жұмысты бастады. Экотуризмді дамытудың мастер-жоспарлары әзірленді. 26,5 млрд теңге инвестиция әкелетін потенциалды инвесторлар айқындалды. 2020-2021 жылдары шамамен 2,0 млрд теңге инвестицияланды. Жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар басталып кетті, - деді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы