19 Қараша 2026, 13:13
Фото: Ақорда
Соңғы жеті жылда елімізде 118 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтерді – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт соңғы жеті жылда елімізде 118 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтергенін айтты.
«Соңғы жеті жылда елімізде 625 орта және ірі өндіріс орны ашылды. 3,6 миллион адам жұмыспен қамтылды. 118 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. 36 мың шақырым автокөлік жолы және 5 мың шақырым теміржол салынып, жөнделді. Қазақстан табиғи ресурстар мен сирек кездесетін металдар, яғни уран, мұнай, көмір, титан, алтын, хром, мыс, вольфрам, кобальт, ванадий және тағы басқа аса маңызды минералдар қоры бойынша дүние жүзіндегі көшбасшы елдердің бірі саналады. Өздеріңіз білесіздер, аталған құнды ресурстарға әлемдік сұраныс өте жоғары», - деді Президент.