27 Қыркүйек 2024 2024, 13:51
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің Телеграм каналы
Соңғы үш жылда Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артты
Дәстүрлі түрде қазақстандық астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді, деп хабарлайды BAQ.KZ AgroPress-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының деректері бойынша осы жылдың басынан бастап астықпен 582 маршруттық пойыз құрылып, жөнелтілді: 551 экспресс-пойыз астық жүктерін Қытайға, Түркменстанға, Иранға, Ресейге, Өзбекстанға жеткізді.
Ел бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды.