Соңғы тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Кейінгі тәулікте 156 жағдай тіркелген, ал бір күн бұрын 173 адам болған еді.
4 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 364 адам коронавирус инфекциясынан (-1 166+ және 198 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 176 науқас стационарда, 1 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы