Соңғы сағаттардағы шешім: Трамп Қытай тауарларына тарифті 90 күнге шегерді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға жоғары импорттық тарифтерді 90 күнге кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ CNBC арнасына сілтеме жасап.

Арнаның хабарлауынша, құжатқа тарифтердің күшіне енуіне бірнеше сағат қалғанда қол қойылған.

Шешім шілде айының соңында Швейцарияда өткен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесімен байланысты болуы мүмкін. Егер бұл қадам жасалмаса, жағдай «сауда соғысы» шарықтау шегіне жеткен сәуір айындағы деңгейге қайта оралуы ықтимал еді.

Айта кетейік, Қытай АҚШ-тан жасанды интеллект чиптерін жасауға қажетті компоненттердің экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетуге мүдделі. Сарапшылар бұл шектеулер қытайлық компаниялардың дамуын айтарлықтай тежеп отырғанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы