"Соңғы мүмкіндік". Бүгін "Отау" бағдарламасына өтінім қабылдау аяқталады

Бүгін 1 наурызда басталған жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім қабылдаудың соңғы күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салсақ, өткен аптада бұл бағдарламаның шарттары өзгерген болатын. 

Енді атыңыздағы жер телімінің көлікжай, қойма немесе гаражыңыздың болуы "Отау" бағдарламасына өтінім беруге еш кедергі келтірмейді. Себебі Отбасы банкі өз клиенттерінің ұсыныстарын әрдайым ескереді. Бұл жолы да салымшыларымызға бағдарлама шартын оңтайлы етудің жолдарын аштық, - делінген "Отбасы банк" хабарламасында.

Сонымен бағдарлама шарттарын тағы бір қайталап өтейік:

  • 18 жастан 63 жасқа дейін қоса алғандағағы азаматтар;
  • ҚР азаматтығы немесе қандас мәртебесі бар жандар
  • Ең аз мерзімі (жинақтау мерзімі) 18 ай болатын ТҚС депозитінің/депозиттерінің болуы;
  • Соңғы 5 жыл ішінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде тұрғын үйдің болмауы;
  • Осы қалаларда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін Алматы және Астана қалаларында тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы;
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме-жылдық 9% (ЖЭС 9,2% бастап). Несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдауға болады. Бұл ретте өтініш беру уақыты маңызды емес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com/ru
Өзгелердің жаңалығы