Соңғы күндері 700-ден астам елордалық ТЖ кезінде жараланғандар үшін қан тапсырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Қан орталығының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта еліміздің бүкіл өңіріндегі ауруханаларды қамтамасыз ететін донорлық қан компоненттері жеткілікті.

Жағдай толықтай бақылауда. Қан орталығына донорлар келіп жатыр. Донорлық қанның күрделі тапшылығы орын алған жағдайда санавиация көлігін қолдана отырып, донорлық қан компоненттерін жөнелту ұйымдастырылады. Соңғы күндері Қан орталығына төтенше жағдай кезінде жараланғандарға көмек көрсеткісі келген 700 адам келіп, қан тапсырды. Бүгінде қан қоры толық және соның ішінде, Алматы қаласын қоса алғанда, донорлық қан тапшылығы жоқ. Ауруханаларды донорлық қанмен қамтамасыз ету толықтай көлемде орындалып отыр. Ел басына күн туған қиын кезеңде орталыққа келіп, қан тапсырып, қолдау білдірген барша жанға алғыс айтамыз, - деді Қан орталығының өкілі.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде орталықта қан қоры жеткілікті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы