Соңғы кезде алаяқтар полиция атынан хабарласып жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды. 

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың жаңа тәртібі туралы айтты. Соңғы кезде полиция мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан өзге нөмірлерден хабарласуы жиілеп кеткен. Алаяқтар тергеуші немесе анықтаушы болып танысып, онлайн несие рәсімдеу бойынша полицияға туысы немесе танысы хабарласқанын айтады. Осылайша, алаяқтар хабарласып тұрған адамның жеке есепшоттары мен жеке мәліметтерін алады, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, алаяқтар алынған мәліметтер бойынша қашықтан бақару қосымшасын орнатқан. 

Осы істер арқылы қылмыскерлер жәбірленушілердің банк карталары мен депозиттеріне қол сұққан. Егер сізге банк қызметкері немесе полициядан қоңырау түссе, оны ағытып тастаңыз. Сондай-ақ жеке мәліметтеріңізді телефон арқылы хабарласқан тұлғаларға таратпауыңызды сұраймыз, - деді ол. 

Тұрлыбек айтқандай, жыл басталғалы интернет-алаяқтық 34 пайызға төмендеген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы