Соңғы екі аптада Испанияда індетке шалдыққандар саны 1,5 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі аптада Испанияда індеттің 1,5 миллионға жуық жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Бірақ Испания COVID-19 алтыншы толқынының шыңынан өтті. КВИ жұқтыру деректері күн сайын расталуда, дегенмен біз күн сайын аурушаңдық көрсеткішінің төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Каролина Дариас.
Алтыншы толқын кезінде инфекциялар саны бір жыл бұрын белгіленген көрсеткіштерден 7 есе көп болды. Сонымен қатар, реанимация бөлімшелеріндегі ауруханаға жатқызу және төсек-орын толтыру әлдеқайда төмен болды.
Дариастың айтуынша, бұған елдегі вакцинацияның жоғары деңгейі ықпал етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі: Сауалдар мен жауаптар
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы