Соңғы бес жылда мал шаруашылығын қолдауға 51,2 млрд теңге бөлінген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2014 жылдан бастап мал жайылымдары үшін 4695 құдық салынып, шамамен 8 миллиондай гектардан астам жайылым сумен қамтылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрілігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев қой шаруашылығы мамандығының II съезінде айтты.
Жиын барысында Марат Оразаев 2013 жылы қой өсірушілердің І құрылтайы аясында қой шаруашылығын жедел дамыту қолға алынғанын және осы бағытта бір қатар жұмыстар атқарылғанын айтып өтті.«Мәселен, мал басын өсіруге ынталандыру және мал басы өнімділігін арттыру бағытында 2013 жылы бір аналық басына 1,5 - 2,5 мың теңге мөлшерінде төлеу бойынша субсидиялаудың жаңа құралы енгізілді. Сонымен қатар, биязы жүн өндіру, асыл тұқымды қой сатып алу, асыл тұқымды қошқарларды жалға алу, қолдан ұрықтандыру шаруалары субсидияланып келеді. Бүгінде осы қолдау шаралары мен 3514 қой шаруашылығы қамтылған», - деді ол.
Сөз арасында ол, 2013 жылдан бастап «Алтын астық» бағдарламасы бойынша қой сатып алуға жеңілдетілген несиелер беріліп жатқанын айтты.
«Осы уақыт ішінде бағдарлама бойынша 3 мыңнан астам шаруашылық несие алып, 358 мыңнан аса бас қой сатып алды. 2014 жылдан бастап фермерлерді материалдық қайта жарақтандыруға, тракторлар және басқа да қажетті техникалардың 25 пайызға дейінгі мөлшері инвестициялық субсидиялаумен төленуде. Осы шаралармен барлығы 2914 шаруашылық қамтылған. 2014 жылдан бастап кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралдары жұмыс істейді. Өткен жылдан бастап мал шаруашылығындағы нексилер бойынша мөлшерлемені 4 % дейін төмендетуге қол жеткіздік», - деді жауапты хатшы.
Сонымен қатар, ол мал жайылымдарына құдықтар салынып, жайылымды қой шаруашылығының инфрақұрылымын дамытуға инвестициялық субсидиялар төленгенін айтып өтті.
«2014 жылдан бері 4695 құдық салынып, шамамен 8 миллиондай гектардан астам жайылым сумен қамтылды. Осылайша 2014-2019 жыл аралығында несие және субсидия түрінде бұл салаға мемлекет тарапынан 51,2 млрд теңге тартылып отыр. Ал, 2019 жылдың мал шаруашылығына арналған субсидияның көлемі 77,7 млрд теңгені құраса, соның ішінде қой шаруашылығына бөлінген субсидияның көлемі 5,2 млрд теңге», - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы марафонға 4000 қатысушы тіркелді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы