Соңғы 9 айда 84,8 млн тонна көмір өндірілді

Биыл елімізде қаңтар мен қыркүйек аралығында 84,8 млн тонна көмір өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Жалпы 9 ай ішінде кеншілер 3,3 млн тонна лигнит пен 2,7 млн тонна көмір концентратын алған екен. 

Өңірлер арасында алып қарайтын болсақ, көмірдің басым бөлігін Павлодар мен Қарағанды облыстары өндірген. Одан кейін Абай мен Ұлытау өңірлері жайғасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы