Соңғы 65 жылда жаңа ештеңе ашқан жоқпыз – Саясат Нұрбек

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол еліміздің жоғары білім беру жүйесіне қандай өзгерістер қажет екенін және Қазақстанды жаңа білім беру орталығына айналдыру үшін қандай бағытқа ден қою керегін атады.

Біріншісі – инфрақұрылым. Өкінішке қарай, Қазақстандағы академиялық инфрақұрылымға күрделі инвестициялар соңғы рет 70-ші жылдары болған. Назарбаев университетінен басқа, соңғы 65 жылда біз жаңа ештеңе ашқан жоқпыз және инвестиция салған жоқпыз... Қазір білім берудегі үлкен дәуір басталып, мемлекет мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті ынталандыруға, білім беруге жаңа инвестициялар енгізуге мүдделі, - деді министр.

Ол үшін Саясат Нұрбек заңнамадағы бірқатар нормалар, атап айтқанда, студенттік жатақханаларды салу мемлекеттік тапсырыс форматына қатысты өзгертілгенін және болашақ инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын (жатақханаларды салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін азайту; жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке, ал Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту) жеткізді.

Министр екінші негізгі мәселе қаржы тапшылығы екенін айтты. Жаңа жатақханалар салу бюджетке әлеуметтік жүктеме екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл мәселе келешегі ауқымды Қазақстанның білім беру нарығының мүмкіндіктерімен шетелдік инвесторларды тарту арқылы шешіледі.

Тек өткен жылы инвесторлардың қолдауымен 5-6 ай ішінде министрлік Президенттің тапсырмасы шеңберінде жатақханалардағы төсек-орын тапшылығын 87 мыңнан 75 мыңға дейін қысқарта алды, - деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, министр студенттер көп шоғырланған Алматы қаласында жоғары оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жатақханалар мен оқу корпустарын салу бойынша жобалық кеңсе құрылғанын, оған министрлік өкілдері, қаржы мамандары, заңгерлер кіргенін және команда мәселені Алматы әкімдігімен бірлесіп әрбір университетпен жеке-жеке шешетінін хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы