Соңғы 3 жылда электр энергиясын өндіру 7%-ға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Соңғы үш жылда электр энергиясын өндіру 7%-ға өсті. Өсімнің оң серпіні жаңа қуаттарды құрмай жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту есебінен қалыптасты. Бұл ретте өндіріс көлемінің ұлғаюы мемлекет қатысатын станцияларды жаңғыртудан кейін орын алды және тиісінше, негізгі инвестор мемлекет. Осылайша, бағаны реттеу жағдайында нарықтың дамуы, жаңа дәстүрлі станциялардың пайда болуы, жеке инвестициялардың ағыны жоқ,- деді Ахметов.
Ол атап өткендей, бұл нарықты қайта реттеу, нарықтық баға белгілеуге кезең-кезеңімен көшу және көтерме және бөлшек буынды монополиясыздандыру жағдайында жеке инвестицияларды тартуға бағытталған электр энергиясын өндіру нарығын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
90-жылдары басталған нарықты ырықтандыру аяқталған жоқ. Электр энергиясын өндіру нарығы жоғары шоғырланған күйінде қалып отыр. Нарықтың негізгі 4 қатысушысының үлесі – «Самұрық – Энерго» АҚ, «ОАЭК» АҚ, «ERG» AO, «ҚКЖ» ЖШС – 69%-ды құрайды және олар тік интеграция форматында жұмыс істейді.Станция ресурстарына және электр энергиясын беру қызметтеріне қолжетімділікті шектей отырып, аталған топтар өңірлік бөлшек сауда нарықтарын толығымен жапты. Олар бір-бірімен бәсекелеспейді. Сонымен қатар, олар тұтынушыларға өз станцияларынан қымбат энергия алады. Нарықтың 99%-ы тікелей шарттар бойынша жұмыс істейді, - деді Рустем Ахметов.