Соңғы 10 айда ақылы жолдардан 25 млрд теңге ақша жиналды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 96 мың шақырым. Оның ішінде 25 мың шақырым - жол республикалық маңызы бар, ал 71 мың шақырым - облыстық және аудандық маңызы бар жол. Республикалық маңызы бар жолдар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің қарамағында. Мемлекеттік тапсырма шеңберінде дамыту және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды оператор «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүзеге асырады. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ көше-жол желісі жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігінде, - деді Төлеген Абдуллин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, биыл қолданыстағы 11 мың шақырымнан астам автожолға құрылыс-монтаждау жұмысы жүріп жатыр.

Биылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес 2200 шақырым ақылы жолдан шамамен 25 млрд теңге жиналды. Жиналған сома алдымен жол учаскелерін жөндеу мен күтіп ұстауға жұмсалады, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы