Солтүстіктегі қар басқан жолдар ашылды
2024 жылғы 12 қазанда сағат 08:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
• “Астана - Петропавл” жолының 18-304 шақырымы (Астана қ. - Щучинск қ. - Көкшетау қ.);
• “Астана - Петропавл” жолының 304-341 шақырымы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
• “Көкшетау - Атбасар” жолының 0-185 шақырымы (Көкшетау қ. - Атбасар қ.);
• “Көкшетау - Рузаевка” жолының 0-61 шақырымы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
• “Көкшетау қ. айналма жолы” 0-18 шақырымы;
• “Көкшетау - Омбы” жолының 14-50 шақырымы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
• “Екатеринбург - Алматы” жолының 1003-1128 шақырымы (Атбасар қ. - Астраханка ауылы);
• “Астана - Ерейментау - Шидерті” жолының 16-200 шақырымы (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы