Солтүстікте жағдай тұрақты. Дегенмен екінші толқын қаупі бар

Су тасқыны басталғаннан бері облыста 3419 үйді су басты, 173 үйден су кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3223 үй және 1115 үй маңындағы аула суда тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан, - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Спикер биылғы антирекорд 4 м 25 см екенін атап өтті.

Жалпы облыс бойынша 14388 адам эвакуацияланды, олардың 3596 бала. Бүгінгі күнге, 705 адам үйлеріне оралды, оның 184 бала.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы