Бүгiн 2026, 19:32
Фото: видеодан алынған кадр
Солтүстікте су тасқыны қаупі: Петропавл мен Бескөлде алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Петропавл мен Қызылжарда су тасқынына қарсы дайындық шаралары жалғасып жатыр. Дайындық аясында 47 718 дана қап дайындалып, оның 7 950-і төселді.
Солтүстүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы кешенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавл қаласындағы Заречный кентінде және Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жұмыс тобы жұмылдырылды. Күштер ең осал учаскелерде алдын алу және қорғаныс жұмыстарын жүргізуге бағытталған, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Дайындық аясында 47 718 дана қап дайындалып, оның 7 950-і төселді. Жағдай тұрақты бақылауда, су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.