Солтүстікке қоныс аудару маңғыстаулықтар үшін басым бағытқа айналуы қажет – Ұлттық кеңестің мүшесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Өзіңіздің Маңғыстауға сапарыңызда өңірге ерекше назар аударып, арнайы тапсырма беріп,  өңірді дамытудың кешенді жоспарын әзірлеткеніңізге үлкен алғысымды айтамын. Дегенмен, алдағы он жылда халықтың демографиялық өсім есебінен күрт көбею мүмкіндігі өңір болашағы жайлы алаңдатпай қоймай тұр! Жобамен 2030-2035 жылдардан бастап Маңғыстаудағы мұнай өндіру көлемі күрт азая бастайды, - деді ол. 

Бұл  кәсіби терминологиядағы «анықталған»,  «алынатын» -  деп бекітілген мұнайды өндірудің табиғи сарқылу  процессі басталады деген сөз. 

Бұл тұжырым немесе проблема энергетика министрлігінің ресми есептерінің негізінде және өзіңіздің Үндеуіңізге байланысты көтеріліп  отыр. Әр отбасында 4-5 адам бар деп алсақ,  мұнай өндірісінен   Маңғыстаулықтардың 200-250 мыңдай адамы бүгінгі күндері  күнелтіс көзін тауып отыр. Ертең, немесе жақын болашақта мұнай  өндіру көлемі  азая бастаған шақта, сөзсіз  халықтың негізгі бөлігіне жұмыссыз қалу  қаупі төнеді, - деді Уайс Ерсайынұлы.
Өңір халқының табиғи өсу мүмкіндігі, осында болашақ қоныс аударып көшіп келетіндердің саны  кейбір жергілікті  басқа профильдегі мекемелердің  экономикалық немесе басқа да жағдайлардан жабылып қалу қаупі,  жұмыссыздықтың көбею мүмкіндігі  есепке алынса, алдағы 5-10 жылда  жағдайдың  қиындап бастайтыны қазірдің өзінде белгілі болып отыр!

Сол себепті осы мәселені назарыңызға ұсына отырып,  мәселені шешудің жолы ретінде кезең-кезеңмен Солтүстікке қоныс аударудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын. Солтүстікке қоныс аудару маңғыстаулықтар үшін басым бағытқа айналуы қажет. Ол үшін халықты кезең-кезеңмен көшіруді жұмылдыру қолға алыну керек.  Ең әуелгі кезекте жұмыссыздар мен жастар,  одан кейін болашақта жұмыссыз қалу қаупі бар азаматтар ең соңынан жалпы жұртшылық Солтүстікке көшуге ынталануға тиіс.«Өзенмұнайгаз» кенорнын толықтай вахталық әдіске ауыстыру көші-қонға байланысты көп мәселені шешетіні анық.  Бұл орайда Үкімет үлкен үгіт-насихат жұмыстарын қоса жүргізуі керек деп есептеймін, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы