Солтүстік шұғыланың елімізде болуы қауіпті ме? – астрономмен сұхбат

Солтүстік шұғыла - ел аумағында өте сирек кездесетін құбылыс. Астроном Артур Гайдук неге Қазақстанның кейбір аймақтарында аспан неон түске боялғанын түсіндірді, деп хабардлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Полярлық шұғыла қалай пайда болады?

Полярлық шұғыла негізі күн сайын болады, бірақ бәрі көріне бермейді. Шұғыланы жершарының оңтүстік және солтүстік полюсында ғана анық байқай аламыз. Яғни біздің ғаламдағы Күн (Жұлдыз) бетінде нешетүрлі жарқыл болғанда одан жерге қарай ыстық плазма ағыны келеді. Кейін жердің магнит өрісі оны қабылдап алады. Егер күннен келетін ыстық газ мөлшері көп болса, демек жер бетінің көп бөлігіне таралып, полярлық шұғыла секілді көрініс береді. Күннің 11 жылдық циклі бар. Оның белсенділігі кейде артып, кейде төмендеп тұрады. Цикл әр жыл сайын қайталанып келеді. Бүгінгі таңда Күннің белсенді кезеңі болып жатыр. Мұндай кезде Күннен жарқыл мен жалынның бөлінуі қалыпты жағдай.

Фото: Олжас Адай 

Фото: Сұхбат берушінің жеке мұрағатынан 

- Көп адамнан магниттік дауыл кезінде қысымым көтерілді деп жатыр. Жалпы, Күнде болатын өзгеріс адамға қалай әсер етеді?

Бұл құбылыс жердің атмосфера қабатына әсер етпейді. Бізді күннен келетін радиациядан толығымен жердің магниттілігі қорғайды. Ал адамдар тек аспаннан теріскей шұғыласын байқайды. Адам денсаулығына қалай әсер ететіндігі әлі дәлелденген жоқ, бірақ мұны жоққа да шығара алмаймын. Иә, кейбір адамдар Күннің жарқылы болған кезде қысым көтеріліп, басы ауырып жататынын айтады, алайда қандай да Күнде болған жарқыл жер бетіне 8 минуттан соң жетеді. Меніңше, адамдар өз күйін жай ғана байланыстырады. Ал былайша солтүстік шұғыланың физикалық әсері жоқ деуге болады.

Фото: Уикипедия

- Солтүстік шұғыла Орталық Азия аумағында сирек болады. Бұл көп жылда бір рет қайталанып келетін құбылыс па?

Күннен келген ыстық жел жер сыртындағы ғарыш айлақтарына зиянын тигізеді, яғни техникалық жағынан зардап шегуіміз ғажап емес. Алайда, бұл ұзақмерзімді құбылыс болмағандықтан аса бір кесірі тимейді деп ойлаймын. Иә бұл құбылыс Қазақстанда өте сирек болады. Менің ойымша, қазір ақпарат көп заман. Сондықтан ашық интернет бетінен алдын ала жаңалықтарды оқып аламыз. «Күнге бірдеңе болды, әлем қызып жатыр» деген ақпарат таралып жатыр. Бұрын да полярлық шұғыла көрінген, ол кезде адамдар байқамаған шығар немесе тіпті мән бермеген.

Фото: Олжас Адай 

- Дүрлігуге еш себеп жоқ дейсіз ғой?

Иә, қорқудың керегі жоқ. Керісінше, бізге бұл құбылысты көріп қалу бұйырып отыр. Негізі теріскей шұғыласын адамдар көру үшін Норвегия, Швейцария сынды Батыс елдеріне барып жатады. Ал биыл бізде болып жатыр.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Еске сала кетсек, 11 мамырда жердегі магниттік дауыл шарықтау шегіне жеткенін жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Олжас Адай
Өзгелердің жаңалығы