Солтүстік Қазақстанда жоғалған тұрғын аман табылды

Солтүстік Қазақстан облысында іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасында ТЖД құтқарушылары, ПД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар бірлесіп 1981 жылы туған азаматты іздеген болатын.

Ер адам Имантау ауылынан жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кеткен. Іздеуді күшейту үшін дрон қолданылды. Құтқарушылар Имантау ауылынан 8 км қашықтықтағы ашық аумақтан жоғалған азаматты аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы