Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт фермасы ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында жылына 7500 тонна сүт өндіретін сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
"Атамекен-Агро-Корнеевка"ЖШС бір мезгілде 2500 бас ұстайтын, соның ішінде «голштино-фризская» тұқымының 1400 сиырына есептелген сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды. Жобаның қуаттылығы жылына 7500 тонна сүтті құрайды.
Жобаның жалпы құны-11,7 млрд теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда жоба аясында 735 мал, оның ішінде 498 - Германиядан, 237 – дан Даниядан әкелінді. 2024 жылдың желтоқсан айына дейін Даниядан тағы 565 бас әкелу жоспарлануда.
Бұзау, сиыр, сауу-сүт блогының, құрама жем қоймасының, санитарлық өткізгіштің құрылысы аяқталды. «Айналмалы» сүт жабдықтары бір мезгілде сауудың 40 басына орнатылды. Өз қажеттіліктері үшін 17,5 мың тонна пішен, 1,2 мың тонна шөп және 19,8 мың тонна сүрлем дайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына инвестиция салады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы