16 Тамыз 2026, 14:51
Фото: видеодан скриншот
Солтүстік Қазақстанда үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды
Бұршақ тұрғындардың бау-бақшасындағы өнімді түгелге жуық жойып жіберген.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар Есіл, Шал ақын және Мамлют аудандарында бұршақ жауғанын хабарлады. Әсіресе Есіл ауданындағы Ясновка ауылында ірі бұршақ түсіп, оның көлемі тауық жұмыртқасындай болған.
Сол аудандағы Явленка ауылында бұршақ көлемі кішірек болғанымен, тұрғындарға шығын келтірген.
Жауын-шашын шамамен жарты сағатқа созылды. 15 минут бойы қатты жаңбыр жауып, кейін бұршақ басталды. Дауылды жел көтеріліп, гараж бен шаруашылық құрылыстарының бірінің шатырын зақымдады, көршілердің қоршауын ұшырып әкетті, – дейді ауыл тұрғындары.
Бұршақ бақшада өсіп тұрған қияр мен қызанақты ұрып, өнімді түгелге жуық жойып жіберген.
Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, бүгін, 16 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.