13 Қараша 2025, 17:08
Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Солтүстік Қазақстанда тағы бір фермер қаза тапты: ер адам өз-өзіне оқ атқан
Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды. Тимирязев ауданында 57 жастағы фермер өз үйінде аңшы мылтығымен өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Бұл соңғы екі аптада өңірде тіркелген екінші осындай оқиға, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды. Тимирязев ауданында 57 жастағы фермер өз үйінде аңшы мылтығымен өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Бұл соңғы екі аптада өңірде тіркелген екінші осындай оқиға, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Целинное ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша, 57 жастағы ер адам үйінде өзіне-өзі қол жұмсаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, екі апта бұрын дәл осы аудандағы Докучаево ауылында жергілікті тұрғын «БурБат» ЖШС басшысы Азамат Батановты атып өлтірген еді. Ол бұрынғы жұмыс берушісінен жалақы қарызын талап етуге келген.
- Қазақстан нарығына төртінші ұялы байланыс операторы әзірге кіре алмайды – министрлік себебін түсіндірді 11:41
- «Таудағы қоқысты кім жинайды?»: Экобелсенді туристердің жауапсыздығын сынға алды 11:31
- Қазақстанда цифрлық активтерден түскен табысты салықтан босату ұсынылды 11:17
- Тоқаев Hyundai басшысымен кездесті: Қазақстанда автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі басталмақ 11:03
- Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр 10:54
- Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды 10:50
- Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады 10:31