Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асты

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендер арнасынан асты. Қызыл судың тұрғын үйлерді басу, жолдарды шаю фактілері тіркелген жоқ.

Бүгін өңірде ауа температурасы +16 градусқа дейін көтерілді. Күннің күрт жылынуы қардың қарқынды еруіне алып келді. Төтенше жағдай қызметінде құрылған штаб мамандары қауіпті аймақтарда жұмыс істеп жатыр. Биыл мамандар болжамы бойынша 85 елді мекенге су кіруі мүмкін. Қауіпті аймақтарда 6 мыңнан астам адам тұрады. 

Қауіпті аймақтардағы тұрғындармен қыста біздің мамандар кезесіп, су тасқыны бола қалса қалай әрекет ету керкітігін түсіндірді. Қажетті техника мен құтқарушылар дайын. Әзірге кейбір өзендер тасығанымен, жағдай қалыпты. Қызыл судан ешқендай зиян келіп үлгерген жоқ, - дейді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Шал ақын ауданындағы Сергеев су қоймасының 25 пайызы бос. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 85 пайыз болған еді. Қазір гидролог мамандар күндіз-түні су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Ол үшін 19 бекет жұмыс істеп тұр.

Биыл қыс мезгілінде қыс жылдағы мөлшерге сай, бірақ былтырғыдан аз болды. Сондықтан су тасқынының үлкен қаупі жоқ. Бәрі қалыпты болады деп ойлаймын. Жақын күндері күн қайта салқындайды. Сондықтан қардың мұндай қарқынмер еруі аздап тежеледі, - дейді «Қазгидромет» АҚ СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы