23 Қараша 2026, 21:18
Фото: depositphotos.com
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды
Жол қозғалысын 24 қараша күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 23 қараша сағат 21:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Шектеу «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 11-73 шақырым аралығында, яғни Петропавл қаласынан Ресей шекарасына дейінгі учаскеде барлық көлік түріне қатысты қолданылады.
Жол қозғалысын 24 қараша күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.