Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер шақырту орнына дереу келіп, өртті сәтті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер өртке оранған үйден 27 литрлік газ баллонын алып шығып, қайғылы жағдайдың алдын алды, - делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытауда көлікпен жолда қалып қойған үш ер адам құтқарылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы