Солтүстік Қазақстанда қатты дауыл соғып, жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласында дауылды ескерту жасады.

"6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 5, тәулік бойы 6 қыркүйекте кей жерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 6 қыркүйекте жел, күші 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күтіледі", - делінген хабарламада. 

Петропавл қаласында күндіз 5, тәулік бойы 6 қыркүйекте найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы