Солтүстік Қазақстанда профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді
Солтүстік Қазақстанда профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Түркістан облысының құтқарушылары мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданы Чистополье ауылының маңындағы Ақанбұлы өзенінде жарылыс жұмыстарына көмек көрсетті, - делінген ведомство мәліметінде.
Мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 600 шаршы метрді құраған. 40 кг жарылғыш заттар қолданылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы