Солтүстік Қазақстанда профилактикалық жарылыс іс-шаралары өткізілді

Мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында профилактикалық жарылыс іс-шаралары өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өңірдегі Ғ. Мүсірепов ауданында Шарық өзеніндегі Раисовка ауылында, Ақанбурлық өзені арқылы өтетін Григорьевский көпірі ауданында, Ақанбурлық пен Есіл өзендерінің түйіскен жерінде, Ақанбурлық өзеніндегі Чистополье ауылының жанында жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Мұздың жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрады. 160 кг жарылғыш заттар пайдаланылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы