Солтүстік Қазақстанда пияз бен өсімдік майы арзандады

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айының қорытындысы бойынша инфляция 9,5% құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал азық-түлік тауарлары бір жылда 7% қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, күріштің бағасы – 32%, жұмыртқа, сәбіз және ақ қырыққабат – 22%, жаңа піскен жемістер – 15%, кондитерлік өнімдер – 11%, балық пен теңіз өнімдері – 10%, қызанақ – 3%, қант – 2%-ға қымбаттаған. Ал жармалар 19%-ға, пияз – 51%, қияр – 16%, картоп – 3%, өсімдік майы – 20%-ға арзандады.

Тауарлардың азық-түлік емес тобында мотор майы бағасы – 17%, жеке пайдаланылатын заттар, аспаптар мен тауарлар шамамен – 15%, фармацевтикалық өнімдер – 10%, киім мен аяқ киім – 9%, бензин шамамен 14%-ға қымбаттады.

Тұрғын үйді жалдау ақысы – 19%, амбулаториялық-емханалық қызметтер – 13%, кабельдік теледидар қызметтері – 9,5%, көлік қызметтері – 12%-ға өсті, оның ішінде ұшақпен ұшу билеті 16%-ға өскен. Мейрамханаға бару 11%-ға қымбаттады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы