Солтүстік Қазақстанда өрт кезінде құтқарушылар 17 адамды эвакуациялады
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Белое ауылында қонақ үй үлгісіндегі екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шұғыл әрекет етіп, баспалдақ арқылы төрт адамды, соның ішінде өздігінен қозғала алмайтын екі мүгедекті қауіпсіз жерге шығарды.
Тағы 13 ересек тұрғын өздігінен эвакуацияланды.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді, ал мамандар оның шығу себебін анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы