Солтүстік Қазақстанда оқушы қыз биіктен секіріп кетті

Әлеуметтік желіде Петропавл қаласының 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, мерт болғаны туралы хабарға өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 мамырда сағат 15:15-те Петропавл қаласы полиция басқармасының "102" шұғыл байланыс желісіне Жамбыл көшесіндегі 16 қабатты тұрғын үйлердің бірінің төбесіне қыз баланың шығып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға дереу жеткен полицейлер қызды жерден өлі тапты. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 15 жастағы қала тұрғыны үйдің төбесінен өз бетімен секіріп кеткен, - деді СҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Аталған факт ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы