Солтүстік Қазақстанда браконьерлер ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында елік атқан браконьерлер ұсталды деп хабарлады BAQ.KZ.
Қызылжар ауданының полицейлеріне Жалтыр көлінің маңында Kia Sorento жол талғамайтын көлігінде белгісіз біреулер мал етін бөлшектеп жатқаны туралы хабарлама түскен. Іле-шала Полиция департаменті жедел-іздестіру тобының қызметкерлері төрт ер адамды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды7
Ұсталғандар екі сібір елігін атып, бауыздаған. Олардан екі пышақ, Vepr маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық пен патрондар тәркіленді, – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сараптамалар тағайындалуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Рақымшылыққа іліккен азаматтардың өз құқықтары бар - заңгер
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы