Кеше 2026, 23:46 Фото: BAQ.KZ архивІ / Артем Чурсинов

Солтүстік Қазақстанда әйел өзін өртеп, ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Оқиға Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылында 30 сәуірге қараған түні болған. 

Солтүстік Қазақстан облысында 42 жастағы әйел өзін өртемек болып, ауыр күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған әйел үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген. Салдарынан оның денесінің 80–90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, жағдайы өте ауыр болғанымен, есін біледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін санитарлық авиация арқылы Петропавл қаласындағы көпбейінді ауруханаға ауыстырылған. Қазіргі уақытта толық тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.