Солтүстік Қазақстан облысында жедел медициналық көмек орталығы жетіспейді

СҚО жедел көмек орталығының мәселесін шешу үшін бірнеше нұсқа қаралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық жедел медициналық көмек орталығында болды. Күніне call-орталық өңір тұрғындарынан 500-ден астам қоңырауды қабылдап, фельдшерлер шұғыл көмек көрсетіп, адамдардың өміріне араша түседі.

Жедел көмек қызметкерлері аса маңызды жұмысты атқарып отыр, сондықтан оларға барынша қолайлы жағдай жасау керек. Қазір орталық орналасқан ғимарат талапқа сай емес. Мәселені шешу үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Мамандардың пікірін ескере отыра нақты шешім қабылданады, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы