Солтүстік Қазақстан облысында орман күзеті күшейтілді
Солтүстік Қазақстан облысында орман күзеті күшейтілді. Жаңа жыл жақындады дегеннен балтасын сайлап, орманды отайтындар көбейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Сол себепті қылқан жапырақты ағаштарды қаскөйлерден қорғау үшін 100-ден аса мобильді топ пен бақылау бекеті құрылды. Солтүстік Қазақстан облысында 550 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар. Қазір табиғат жанашырлары үшін қауырт кезең басталды. Олар жаңа жылдың алдында қарағай алқаптарын шарлап дамыл таппайды. Өйткені кесілген бір шырша қоршаған ортаға орасан зор залал болып саналады.
Қылқан жапырақты болғаннан кейін бір кесілген шыршаны өсіру үшін, мысалы 4-5 метрлік ағаш қылып өсіру үшін 8 жылдай уақыт керек. Өйткені қылқан жапырақты ағаш қайың ағашы сияқты өзінен-өзі тамырынан өсе қоймайды, - деді Қызылжар орман шаруашылығының директоры Қайрат Халықов.
Өңірде 100-ден аса мобильді топ пен бақылау бекеті құрылған. Олар қаңтардың біріне дейін орманды қас қақпай күзетеді. Мереке қарсаңында полиция қызметкерлері де күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Тәртіп сақшылары "Шырша" жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
Облыс бойынша 50 сауда нүктесі тексеріліп, 40 әкімшілік хаттама толтырылды. Олар шыршаның заңсыз сатқан. Алғаш ұсталғандарға ескерту жасаймыз. Ал екінші рет қолға түссе, 5 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салынады, - деді СҚО облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы Виталий Охрименко.
Қылқан жапырақтыларды шауып, орманды отағандарға қатаң жаза қарастырылған. Қазір бір қарағайға 400 мың теңгеден аса айыппұл салынады.
Сондықтан тұрғындар оны сатып алуға немесе үйге жасанды шырша қоюға тырысады, - дейді мамандар.