Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ғауез Торсанұлы 1968 жылдың 11 шілдесінде Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.

1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьсий ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы.

1994-1996 жылдары-Қостанай облысы Қостанай ауданы "Московский" совхозының бас агрономы.
1996-1997 жылдары- Қостанай облысы Комсомольский ауданы «Боскольское» КК директоры.
1997-2002 жылдары-Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2002-2008 жылдары-Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.
2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі.
2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы "Содружество" ЖШС бас директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары-Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі. 
2012 жылдан 2014 жылға дейін-Қостанай қаласының әкімі.
2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2015 жылдан 2023 жылға дейін - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары

2023 жылдан 25 қантардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: senate.parlam.kz
Өзгелердің жаңалығы