Солтүстік пен батыста 25 градус аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде солтүстік пен батыста күн аяз болады.
Солтүстік және шығыс жартысында алғашқы аяздың соңын ала солтүстік-батыстан кезекті антициклон келеді.Ол алдымен батысқа, содан кейін солтүстікке суық ауа температурасының жаңа толқынын алып келеді.
Бірақ аса қатты аяз болмайды. Бұл аймақтарда түнгі уақытта термометр бағаны минус 15-25 градусқа дейін төмендейді.
Тек оңтүстік аймақтарда әлі жылы болады, оған оңтүстік циклон әсер етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы