Солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе ұсынылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Әділет министрлігі солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беру ұсынылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат таралуда.
ҚР Әділет министрлігі аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Министрлік барша азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы