22 Шілде 2026, 01:29 Фото: depositphotos.com

Солтүстік Македонияда құбыр суынан 3 мыңнан астам адам уланды

Тергеу мәліметіне сәйкес, улануға қалалық су құбырындағы судың бактериялық ластануы себеп болған.

Солтүстік Македонияның Гостивар қаласында құбыр суының бактериялық ластануынан 3 мыңнан астам адам уланып, оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.

DW басылымының мәліметінше, елдің Денсаулық сақтау министрлігі бүгінге дейін су құбырындағы бактериялық ластануға байланысты 3150 адамның ауырғаны тіркелгенін хабарлады. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, улануға қалалық су құбырындағы судың бактериялық ластануы себеп болған.

Оқиғаға байланысты Гостивар прокуратурасы сумен жабдықтауға жауапты «Комуналец» коммуналдық кәсіпорнының директоры мен тағы екі техникалық басшыға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасына сәйкес, олардың салғырттығынан 22 күн бойы су жүйесіне қауіпті су берілген.

Қазіргі уақытта аталған үш лауазымды тұлға қамауға алынып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.