Солтүстік Кореяда дипломаттарға өлім жазасы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ханойдағы саммиттің сәтсіз өткенінен кейін Солтүстік Корея басшысының бұйрығымен 5 жоғары лауазымды шенеунік өлтірілді.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Ханойдағы АҚШ-пен келіссөзге қатысқан елдің жоғары лауазымды тұлғаларын өлтіру туралы бұйрық берді. Бұл туралы бүгін Chosun Ilbo газетінде хабарланды.

Басылымның ақпаратына қарағанда, наурыз айында КХДР-дің АҚШ істері жөніндегі арнайы өкілі Ким Хек Чхоль және 4 адам өлтірілген. Мұндай жазаға себеп – АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының арасындағы екінші саммитте келісімге келе алмауы.

Жаза Пхеньянның шығыс бөлігіндегі Мирим әскери аэродромында орындалды. Сонымен қатар, өлтірмес бұрын дипломаттарға АҚШ пайдасына тыңшы болды деген айып тағылған.

Тағы бір жоғары лауызымды шенеунік, Ким Чен Ынның бірінші орынбасары – Ким Ен Чхоль каторгалық жұмыстарға жіберілген.

27-28 ақпанда Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ пен КХДР басшыларының екі күндік саммиті өтті. Нәтижесінде келісімге келе алмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы